Глен Маклауд Купер Джонсон (, 23 тамыз 1984, Гринвич, Лондон) — ағылшын футболшысы, «Ливерпуль» футбол клубы мен Англия Ұлттық футбол құрама командасының қорғаушысы. Көбінесе оң қапталдағы қорғаныста ойнайды, алайда сол қапталда да ойнай алады. Мансабы Вест Хэм «Вест Хэм Юнайтедтің» жас талабы 2001 жылы клубпен алғашқы профессионалдық контракқа қол қойып, 23 нөмерді алды. Алайда 2001/02 маусымды қосалқы команданың сатында өткізді. 2002 жылы күзде Джонсон команданың негізгі қарсыластары «Миллуолл» клубына жалға беріліп, 8 матчта өнер көрсетті. Алғаш рет «Вест Хэм» үшін Премьер-лигада 2003 жылы 22 қаңтарда «Чарльтонға» қарсы ойнады, алайда командасы жеңіліп қалдыCharlton 4-2 West Ham. Клуб үшін 15 матч өткізіп, «Вэст Хэм» АПЛ-дан ұшып кеткендіктен басқа клуб іздеуге мәжбүр болды. Челси Джонсон жаңа клубқа «Челсидің» жаңа басқармасымен келді, Абрамович ол үшін 6 милл.фунт төледі. Глен алғаш рет көктер үшін Чемпиондар Лигасында словакиялық «Жилина» клубына қарсы өткізді, ал жауапты матчта алғаш голын соқтыChelsea 3-0 MŠK Žilina. АПЛ-да алғаш ойынының 2003 жылы 17 тамызда «Ливерпульға» қарсы өткіздіLiverpool 1-2 Chelsea. Алғашқы голын тек қараша айында ғана соға алды. Екі маусым (2003/04, 2004/05) ішінде Челси үшін барлық турнирларда жалпы 63 матч өткізіп, 2005 жылы АПЛ-дың чемпионы атанды. Алайда келесі маусым ол үшін өте сәтсіз өтті. Негізгі құрамға кірмей, тек қана 4 матч өткізіп, Паулу Феррейра мен Жеремиге конкуренцияда жеңіліп қалды. Жазда «Челси» Джонсонды «Портсмут» клубына жалға берді . Бір жылдан кейін қайта көктер сатысына еніп, бірнеше матчты ойнады. Портсмут 2007 жылы жаздың соңғы күнінде Джонсон «Портсмут» клубымен 4 жылдық контракқа қол қойды. Трансфер құны 4 милл. фунт болып есептелді. 20 қазанда жаңа клуб үшін алғашқы голын «Уиган Атлетик» клубының қақпасына соқты. 22 қарашада «Халл Сити» қақпасына өте керемет голды 35 ярдадан соғып, осы гол маусымның үздігі атанды. Сондай-ақ АПЛ-дың 2008/09 символдық құрамасына енді. Қыста Джонсонның «Ливерпульға» 9 милл.фунтқа көшеді деген өсек пайда болды, алайда 2009 жылы 9 қаңтарда Джонсон «Портсмутпен» 4,5 жылдық контракқа отырдыJohnson signs contract. Ливерпуль 13 маусымда Портсмут Джонсонның англияның үздік клубтарының біріне көшетінің жариялады. 16 маусымда Портсмут пен Ливерпуль келісімге келді, ал 18 маусымда Челсимен келісімге келді. Осылай Джонсонға қиын шешім қалдырды. 22 маусымда «Ливерпуль» ресми түрде Джонсонмен контракқа отырғанның жарияладыReds agree Johnson deal. Трансфер 17 милл. фунт болып есептелды, оның 7 миллионы «Портсмут» Крауч үшін қарызы еді.
2011 жылы 7 шілдеде Глен Джонсон Ливерпульмен контрактың 2014/15 маусымға дейін созды. Ұлттық құрама Англияның жастар құрамасындағы сәтті ойындары үшін, Джонсон негізгі құрамаға шақырылып, алғаш матчын 2003 жылы 18 қарашада Гари Невиллді ауыстырып кіріп, Данияға қарсы ойында алаңға шықты. Алайда 2005 жылы Джонсонды Люк Янг негізгі құрамнан ысырып жіберіп, Эриксонның да, Маклареннің де кезінде алаңға шыға алмады. 2008 жылы қаңтарда Капелло Джонсонды қайта құрамаға шақырып, Глен Андораға қарсы ойынла 4 голдық доппен ерекшеленді. Жетістіктері «Челси»
Премьер-Лига чемпионы: 2004/05
Футболдық лига Кубогінің иегері: 2005
«Портсмут»
Англия Кубогінің иегері: 2008
«Ливерпуль»
Лига Кубогінің иегері: 2012 Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
SoccerBase.com сайтында статистика BBC сайтында профильі Liverpool-Live.com сайтында биографиясы Liverbird.ru сайтында профильі
Санат:Англия футболшылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары Санат:Англия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары