Кішкене Тартар (Porzana parva) - танымал «сутартар» келбетті, қараторғайдай (50-60 г) құс. Биологиялық сипаттама Жоны - қошқыл діңгек теңбілді және бойлай созылған ақ түсті жіңішке сызықты болып келеді. Тұмсығының түбі - қызыл, ұшы - сары. Еуропада, ішінара Азия және Солтүстік Африкада қоныстанады. Қазақстанда батыс, солтүстік және Орталық Қазақстанның көптеген аудандарында өмір сүреді. Оңтүстік Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарында орын тепкен. Ұшып өту кезінде барлық жерлерден кездеседі.Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010. Дереккөздер

Санат:Сутартарлар Санат:Еуразия құстары