Кейлор Антонио Навас Гамбоа (; , Перес-Селедон, Коста-Рика) — қақпа шебіндегі коста-рикалық ойыншы. Қазіргі таңда "Пари Сен-Жермен" сапында және Коста-Рика ұлттық құрамасында өнер көрсетеді.
Клубтық мансабы Сан-Исидро-де-Эль Генеральныйда туған, 2005 жылы "Саприссада" кәсіпқой карьрерасын бастады. Навас екі маусым бойы "Саприсса" сапында 60 ойында алаңға шығып, 19 гол жіберді.
2010 жылдың шілдесінде Навас Испания Сегундасында ойнайтын "Альбесете" клубына ауысты. 29 тамыз күні Навас "Альбасете" командасы сапындағы ең алғашқы ойынын өткізеді, Ол маусым біткенше 36 ойында алаңға шығып, 42 доп өткізді.
2011/12 жылғы маусымда "Леванте" клубы Кейлор Навасты "Альбасете" клубынан жалға алады. Ол ыЛевантедегі" бірінші ойынын 2012 жылдың 13 мамырында Испания Чемпионатының соңғы турында "Атлетико Бильбао" клубын 3-0 есебімен жеңді. Бұл кезде "Леванте" клубы тарихында алғаш рет Еуропа лигасына шықты.
2011/12 жылғы маусым аяқталғанда "Леванте" клубы Кейлор Навасты түпкілікті сатып алды. Ал 2013/14 жылғы маусымда Кейлор Навас "Левантенің" негізгі қақпашысы болды. 2014 жылдың наурызда Испания Чемпионатының ең үздік ойыншысы атағын алды.
2014 жылдың 3 тамызында "Реал Мадрид" 10 млн.евроға сатып алып,контракты 6 жылға дейін жазады. 2014 жылы 12 тамызда УЕФА Суперкубогында алаңға шығып, "Реал Мадрид" "Севильяны" 2-0 есебімен Кардифф стадионында жеңді.
2015 жылы жазда Икер Касильяс "Реал Мадридтен" кеткеннен кейін, Кейлор Навас №1 жейдені киді. "Реал" сапында бес маусым ойнап, жүлде атаулының бәріне қол жеткізді.
2018 жылы клубқа Тибо Куртуа келген соң Кейлор алаңға сирек шығатын болды. 2019 жылы тамызда "Пари Сен-Жерменге" ауысты.
Ұлттық мансабы thumb|left|200px 2008 жылы Навас Коста-Риканың құрама сапындағы алғашқы ойынына қатысты. Турнирде Навас Сальвадор, Гваделупа және Мексика құрамаларына қарсы ойнады. Жарыстың қорытындасында Навас турнирдің ең үздік қақпашысы атанды.
2011 жылы Навас екінші рет КОНКАКАФ Алтын кубогына қатысты. Турнирде ол Куба, Сальвадор, Мексика және Гондурас ұлттық құрамаларына қарсы ойнады.
2014 жылы Кейлор Бразилиядағы әлем чемпионатына қатысты. Ол турнирде Уругвай, Италиа, Англия, Грекия және Нидерланд құрамаларына қарсы ойнады. 3 кездесуде ол үздік қақпашы атанып, Коста-Рика ұлттық құрамасының 1/4 финалына шығуына үлкен үлес қосты.
Жетістіктер Командалық Саприсса Коста-Рика чемпионатының жеңімпазы (2): 2005/2006, 2006/2007 Коста-Рика чемпионатының жеңімпазы (Апертура) (2): 2007, 2010 Коста-Рика чемпионатының жеңімпазы (Клаусура) (2): 2008, 2010 КОНКАКАФ чемпионатының кубогы: 2005
Реал Мадрид УЕФА Суперкубогының иегері (3): 2015/16, 2016/17, 2017/18 Клубтар арасындағы Әлем чемпионаты (4): 2014, 2016, 2017, 2018 УЕФА Чемпиондар Лигасы (3): 2016, 2017, 2018 Испания чемпионы: 2016/17
Пари Сен-Жермен Франция чемпионы: 2019/20 Франция кубогының жеңімпазы (2): 2019/20, 2020/21 Франция лигасы кубогының жеңімпазы: 2019/20 Франция суперкубогының жеңімпазы: 2020
Жеке КОНКАКАФ Алтын кубогының үздік қақпашысы: 2009 Испания чемпионатының ең үздік қақпашысы: 2013/14 КОНКАКАФ ең үздік қақпашысы (3): 2016, 2017, 2018 КОНКАКАФ ең үздік ойыншысы (2): 2014, 2017 Чемпиондар Лигасының үздік қақпашысы: 2017/18
Жеке өмірі Кейлор Навас христаншы. 2014 жылы 3 желтоқсанда Испания азаматтылығын алды.
Сілтемелер
Статистикасы Статистикасы Levante official profile BDFutbol profile
Санат:Коста-Рика футболшылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Коста-Рика Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Леванте ФК ойыншылары Санат:Альбасете ФК ойыншылары Санат:15 желтоқсанда туғандар Санат:Пари Сен-Жермен ФК ойыншылары