Клаудио Браво (; 13 сәуір 1983 жыл, Буин, Чили) — чилилік футболшы, қақпашы. 2015, 2016 жылдарғы Америка кубогының жеңімпазы.
Мансабы Ең алғаш Клаудионы футболға әкесі алып келеді. Клаудионың бірінші футбол мектебі « Colo-Colo» деп аталады. Ол өзінің кәсіби футболдағы бірінші ойынын 2002 жылы өткізеді. 2003 жылы Клаудио жарақат алып қалады, оған қарамастан Клаудио команданың үздік ойыншысы болып қала береді. 2006 жылы командасы Апартурда жеңіске жеткен соң, Браво Испанияның «Реал Сосьедадқа» ауысып кетеді.
Реал Сосьедад 2006/07 жылғы маусымда Клаудио Браво «Реал Сосьедад» командасымен бес жылдық келісім шартқа тұрады. Клаудио сол кезде Испанияның ең жас қақпашысы болады. 2010 жылы 14 ақпанда Браво қақпашы бола тұрып «Химнастика» командасына стандартық жағдайдан баспен ұрып гол соғады, бірақ одан соң ол тізесіне қатты жарақат алып маусымды аяқтай алмайды. 2012/13 маусымында Клаудио Браво өзінің командасы «Реал Сосьедадқа» Испандық Чемпионатта 4-ші орын алып береді және соның арқасында «Реал Сосьедад» Чемпиондар Лигасына қатысты. Барселона 2014 жылы Маусымның 25-ші жұлдызында Клаудио Браво Испанияның басқа клубымен келісім шартқа тұрады - «Барселона». Келісім шарт 4 жылға арналған. Браво «Барселонада» 13-ші номерда өнер көрсетеді. Клаудионың Барселона сабында бірінші ойыны 24 тамызда 2014 жылы «Эльче» футбол командасына қарсы өтті. Ол ойында Браво бірде-бір гол өткізген жоқ. 4 қазан 2014 жылы Клаудио Браво қатарынан жеті ойында өзінің қақпасына гол өткізбей рекорд орнатады.
Манчестер Сити 2016 жылы 26 тамызда «Манчестер Ситиге» ауысты. Алғашқы маусымды негізгі қақпашы ретінде бастағанымен, қателікті тым көп жіберді де, негізгі құрамды Вилли Кабальероға беріп қойды.
Жетістіктері
Командалық
Коло-Коло
Чили чемпионы: Ап. 2006
Реал Сосьедад
Екінші дивизион жеңімпазы: 2009/10
Барселона
Испания чемпионы (2): 2014/15, 2015/16 Испания кубогы (2): 2014/15, 2015/16 Испания суперкубогы: 2016 УЕФА чемпиондар лигасы: 2014/15 УЕФА суперкуогы: 2015 Клубтар әлем чемпионаты: 2015
Манчестер Сити
Англия чемпионы (2) : 2017/18, 2018/19 Англия кубогы: 2018/19 Англия суперкубогы (2): 2018, 2019 Лига кубогы (3): 2017/2018, 2018/2019, 2019/20
Чили
Америка чемпионы (2): 2015, 2016
Жеке
Чилидегі жыл футболшысы: 2009 Америка кубогының үздік қақпашысы (2): 2015, 2016 Конфедерациялар кубогының үздік қақпашысы : 2017
Дереккөздер
Санат:Чили футболшылары Санат:Чили Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Коло-Коло ФК ойыншылары Санат:Манчестер Сити ФК ойыншылары Санат:Реал Сосьедад ФК ойыншылары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары Санат:Реал Бетис ФК ойыншылары