Виталий Лазаревич Гинзбург (1916 жылы 21-қыркүйек, Мәскеу - 2009 жылы 8-қараша, сол жерде) - Кеңес Одағының және Ресей Федерациясының теоретик-физигі, физика-математика ғылымдарының докторы (1942), профессор (1945), Ресей ғылым академиясының академигі (1991), Нобель сыйлығының физика ғылымы бойынша лауреаты (2003). Ғылым академиясы ұсынған Халықтық депутат (1989-1991).
Ғылыми еңбегі Еңбектерінің негізгі бөлігі радиотолқындардың таралуы, астрофизика, ғарыштық сәулелердің пайда болуы, Вавилов-Черенков сәулеленуі, плазманың табиғаты, кристалдық оптика және тағы басқа тақырыптарға жазылған. Оның 400-ден астам ғылыми мақалалары мен теориялық физика, радиоастрономия мен ғарыштық сәулелердің табиғаты туралы 10 монография жазған. 1940 жылы Гинзбург Вавилов-Черенков сәулеленуінің кванттық теориясын жасады, Череновский сәулеленуінің кристалдардағы табиғаты жайлы теорияны анықтады. 1946 жылы И. М. Франкпен бірге бөлшек екі ортаның шекарасынан өткен кезде пайда болатын сәулеленуді сипаттайтын аралық сәулелену теориясын жасады. 1950 жылы Л. Д. Ландаумен біріге отырып, асқын өткізгіштіктің жартылай феноменологиялық теориясын жасады. 1958 жылы Гинзбург Л. П. Питаевскиймен бірге асқын аққыштықтың жартылай феноменологиялық теориясын жасады.
Дереккөздер Памяти Виталия Лазаревича Гинзбурга (часть 1) // УФН. — 2010. — Т. 180. — С. 1121—1240. Памяти Виталия Лазаревича Гинзбурга (часть 2) // УФН. — 2010. — Т. 180. — С. 1241—1363. Храмов Ю. А. Гинзбург Виталий Лазаревич // Физики: Биографический справочник / Под ред. А. И. Ахиезера. — Изд. 2-е, испр. и дополн. — М.: Наука, 1983. — С. 85. — 400 с. — 200 000 экз. (в пер.)
Санат:4 қазанда туғандар Санат:8 қарашада қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Физика-математика ғылымдарының докторлары Санат:Мәскеу мемлекеттік университетінің физика факультеті түлектері Санат:Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Физиктер Санат:Астрономдар Санат:КСРО физиктері Санат:КСРО астрономдары Санат:Ресей физиктері Санат:Лениндік сыйлықтың иегерлері Санат:Жүрек жетіспеушілігінен қайтыс болғандар