thumb| alt=A.| Бехтерев В.М.. Бехтерев Владимир Михайлович [20.1(1.2).1857, Ресей, Вятск губерниясы Сорал ауылы — 24.12.1927, Мәскеу] — орыс ғалымы, медицина ғылымдарының докторы (1881), профессор (1894).

Санкт-Петербург медицина-хирургия академиясын бітірген (1878). 1885 ж. Қазанда невропатологтар мен психиаторлар қоғамын және 1893 ж. “Неврологический вестник” журналын ұйымдастырды. Осы жылдан бастап Санкт-Петербургтегі Әскери-медициналық академияның, 1897 жылдан әйелдер медицина институтының профессоры болды. 1908 —18 ж. Санкт-Петербургте Психоневрология институтын, 1918 жылдан Ми жүйесі институтын (қазіргі В.М. Бехтерев атындағы Мемлекеттік рефлексологиялық институт) басқарды.

Бехтерев — рефлексологияның (рефлекстер туралы ғылым) негізін салушы ғалым. 600-ден астам ғылыми еңбегі бар. 1890 жылдары Бехтеревтің ғылымға қосқан ең үлкен жаңалығы — ми жүйесі туралы морфологиялық зерттеуі болды. Ол ми жүйесі мен жұлынның өткізгіштік жолдарын; адамның кеңістікте тепе-теңдік қасиетін сақтауы мен дұрыс бағдарлауының анатомия-физиология негізін және көру төмпешігінің (таламустың) қызметін; ғылымға белгісіз болып келген ми жүйесінің құрылымдарын анықтады. Сондай-ақ, адам мен жануарлардың байланыс-қозғалтқыш рефлексінің әдістемесін жасады. Бехтерев жас балалардың мінез-құлықтарындағы өзгерістер мен олардың жыныстық жетілу ерекшеліктерін зерттеді. Ол алғаш рет асқынған маскүнемдікті гипнозбен емдеуді ұсынған. Жүйке ауруларын тудыратын рефлекстер мен синдромдарын (белгілі бір ауруға жатпайтын бірнеше ауру белгілерінің қатар кездесуін) анықтап, сол ауруларды емдеу жолдарын көрсетті. Бехтеревтің медицинада ашқан аурулары оның есімімен аталады (мысалы, “Бехтерев ауруы”), ал жүйке ауруларын емдеуге осы күнге дейін қолданып жүрген “Бехтерев ішірткісінің” маңызы зор.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

Санат:1 ақпанда туғандар Санат:1857 жылы туғандар Санат:Вятск губерниясында туғандар Санат:24 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:1927 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Императорлық медиктік-хирургиялық академиясы оқытушылары Санат:Императорлық Қазан университетінің профессорлары Санат:Императорлық медиктік-хирургиялық академиясы түлектері Санат:Ресей империясы медицина докторлары Санат:Ресей империясы психологтары Санат:КСРО психологтары Санат:Ресей империясы психиатрлары Санат:КСРО психиатрлары Санат:Ресей империясы неврологтары Санат:КСРО неврологтары Санат:Ресей империясы физиологтары Санат:КСРО физиологтары Санат:Тұлғатанушылар Санат:Әдебиетшілер мүйісінде жерленгендер Санат:Вятск гимназиясы түлектері Санат:Құпия кеңесшілер Санат:Ресей гипнотизерлері Санат:Бейлис ісі Санат:Владимир Бехтерев