thumb|380px|Византия империясы, Франк мемлекеті және Араб халифаты 800 жылдар шамасы Исаврий әулеті (; емесе Сирия әулеті) - Византия императорларының әулеті (717 - 802).
Әулеттің негізін салушы Исаврдың есімімен аталды. Өкілдері: Лев III - "Исавр" (717 - 741), Константин V (741 - 755), Лев IV (775 - 780), Константин VI (780 - 797), Ирина (797 - 802). Исаврий әулеті тұсында Византия едәуір нығайды. Империяның әскери құрамы еркін шаруалар болды. Макендонияға, Грекияға және Пелопеннеске қоныс аударушы славяндардың көпшілігін өздеріне бағындырды. Исаврий әулеті империялары арабтармен, болгарлармен нәтижелі соғыстар жүргізді, көп тайпалы империяның бірлігін нығайтуға ұмтылды.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974,5 том.
Дереккөздер
Санат:Исаврий әулеті Санат:Әулеттер