Үлкен Балшықшы немесе Ізетші () — қанаты қошқыл шұбарлы ең үлкен (200 г шамасында) балшықшы құс.

Сипаттамасы Бауыры — ақ, бөтегесі мен бүйірлері — тамшы тәрізді теңбілді ақ, алқымы — ұсақ секпілі бар ақ түсті. Қанатының алымы 62 сантиметрге дейін жетеді. Арқасының артқы бөлігі мен құйрық үсті ұшқан кезде «сигара» сияқты болып көрінетін ақ реңді болып келеді. Құйрығының ұшында көлденең сызылған ұсақ жіңішке сызықтары бар. Тұмсығы - ұзын, аздап жоғары қарай қайқақ. Қошқыл зәйтүн түстес сирағы — ұзын. Дауысы - қатты, «тлюи-тлюи» деп әуезді сайрайды.

Ұялауы Құрғақ мүктердің арасына ұя салады. Ұяда 4 жұмыртқа болады, оны ата-енесі бірлесіп басады. Өте сақ құс.

Мекені Еуразияның орманды зонасына мекендеп, шағын суқоймалары бар мүкті батпаққа орнығады. Қазақстанда көктемгі (ақпан-мамыр) және күзгі (тамыз - қазан) кездерде ұшып өтіп бара жатқанда кездеседі. Аздаған ұшып жүрген дарақтардың жазда да кездесуі мүмкін.Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.iucnredlist.org

Дереккөздер

Санат:Татреңтәрізділер Санат:Еуразия құстары Санат:Африка құстары