Түктіаталықты қызғалдақ () – лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын, биіктігі 10-20 см, пиязшық жуандығы 1-1.5 см, қара қоңыр, жұқа терілі немесе қағаз тәрізді, жалаңаш немесе тек ұшы ғана шамалы жатаған түкті қабаты. Сабағы жалаңаш; жапырақ саны -2, сирек 3, алшақ орналасқан, қайырылған, жалаңаш, жиектері тегіс немесе сирек кірпікшелі, сызықты, төменгілері едәуір жалпақ, ені 5-15 мм. Гүлі екеу; гүл серігі сары, ұзындығы 15-30 мм, сыртқылары таспа тәрізді, сырты күлгін, жалаңаш, ішкілерінен 1,5-2 есе жіңішке, ішкілері сопақша жұмыртқа тәрізді, түбі ұзын тырнақшаға жіңішкерген және осында тарамды әрі кірпікшелі; аталықтары гүл серігінен 2 есе қысқа, олардың жіпшелері сары, түкті, тозаңдықтары сопақша, сары, ұзындығы 3-5 мм, сүйір ұшы өте қысқа; аталықтан сәл ғана қысқа бағаны едәуір ұзын, қорапшасы ұзынша, ені 0,7-1 см, ұзындығы 1,5-2.5 см, тұмсығы мен ұзындығы 5 мм-дей. Дереккөздер
Санат:Қызғалдақтар Санат:Лалагүлдер