Шоңөрікті – Күнгей Алатаудың шығыс бөлігіндегі асу.

Географиялық орны Қазақстан (Алматы облысы) мен Қырғызстан шекарасында.

Жер бедері Биіктігі 3888 м. Күнгей Алатаудың солтүстік беткейіндегі Шілік өзеннің саласы – Үлкен Өрікті өзенінің аңғарымен жүретін соқпақ жол арқылы оңтүстік беткейіндегі Шоңөрікті өзенінің бастауына асады; одан әрі соқпақ Ыстықкөл жағалауына барады. Асудың батысында Бұрғансу, шығысында Ортаөрікті асулары жатыр.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

Дереккөздер

Санат:Алматы облысы асулары Санат:Қырғызстан асулары Санат:Күнгей Алатау