Индрикотерий () - тақтұяқтылар отрядының қазбадан табылған бір тұқымдасы. 3 туысы (Paraceratherium, Indricotherium, Benaratherium) белгілі. Парацератерий туысына жататын "prochorovi" деген түрінің қазба сүйектері Қазақстанда Арал теңізі маңынан ең төменгі миоцен шөгіндісінен табылған. Индрикотерий туысынан "transouralicum" деген түрі Қазақстанда Торғай өзені бойында орта олигоцен шөгіндісінен табылған. Индрикотерийдің биіктігі (шоқтығынан) 4,5 м - ге дейін, басқа керіктерге қарағанда мойыны ұзын, аяқтары ұзын, тік біткен үш саусақты. Мүйізі болмаған. Екі-екіден жоғарғы және төменгі сойдақ тістері (үлкейген күрек тіс) болған. Ағаш бұта жапырағымен, жас бұтақтармен қоректенген. Индрикотерй миоценнің аяғында олигоцен дәуірі басында өліп біткен, және қай мезгілде болса да, тіршілік еткен сүтқоректілердің ішіндегі ең ірісі. Бұл алып керіктің тасқа айналған сүйектері Алматыда Қаз. КСР ғылым академиясының Зоология институтының табиғат музейіне қойылған. Индрикотерий Евразияда олигоценде тіршілік еткен.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974,5 том.

Алып жануар ізі 1912 жылы Ырғыз уезінің (Қазіргі Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы) Құрдым деген жерінен табылған сүт қоректілер алыптарының бірі - индрокотерияны геологтар К.К.Матвеев пен М.П. Васильевский тауыпты. Бірақ кейбір сүйектері табылмағандықтан, тұңғыш рет 1922 жылы Петроградта өткен бірінші Бүкілроссиялық геологиялық съезде профессор А.А.Борисяк жиналған қаңқаны бүкіл ғалымдарға әлем жаңалығы деп көрсеткен екен. "Ұзындығы сегіз, биіктігі бес метрлік палеонтология саласындағы сирек ұшырасатын түрі" ретінде дүниежүзінде бірінші табылуы делініп тарихқа енген.

Дереккөздер

Санат:Тақтұяқтылар Санат:Жойылып кеткен жануарлар