Ащықошкөл (Ащы Күшкөл) — Ақмола облысы Қорғалжын ауданының шығысындағы көл. Кеңбидайық ауылынан 23 км оңтүстік-шығыста, Ұзынкөл көлінен 3 км оңтүстік-батыста, Астанадан 110 км оңтүстік-батыста орналасқан. Теңіз деңгейінен 356 м биіктікте.

Гидрографикасы Ауданы 6,8 км2 (кей жылдары 5,4 км2). Ұзындығы 4,6 км, енді жері 2,7 км. Жағалау сызығының ұзындығы 15,6 м. Су жинау алабы 36,5 км2.

Жағалау сипаты Жағалауы көлбеу, табаны лайлы. Жағалаудың солтүстік-батысында қамыс, қияқ өседі. Еріген қар және еспе сулармен қоректенеді. Суы ащы, ағынсыз көл. Мал суаруға пайдаланылады. Қаз-үйректер ұя салатын жерлері де кездеседі.А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет.

Дереккөздер

Санат:Қорғалжын ауданы көлдері