Құдық опока кен орны – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы, Құдық темір жол стансасынан оңтүстік-шығысқа қарай 2,5 км, Мұғалжар стансасынан солтүстік-батысқа қарай 20 км жерде орналасқан. Кен орнын 1936 жылы Н.И.Людян ашқан. 1939 жылы И.В.Остроумов, 1961 жылы В.А.Вязикин, В.А.Лобанчуктар зерттеу жүргізген. Опоканың барланған негізгі қоры А+В+С, категориялары бойынша 3486 мың м³, С² категориясы бойынша 16936 мың м³.

Гологиялық құрылымы мен сипаты Құдық опока кен орны эоцен дәуірінде пайда болған тасаран шөгінді жыныстар қабаттарында түзілген. Оның төменгі табанын бор дәуірінің саз балшықтары алып жатыр. Кенді қабаттарының үстіңгі беті төрттік кезеңінің опока кесектері араласқан қалыңдығы 0,65 м саз балшықтармен жабылған. Мұнда ұзындығы 900 м, ені -400-700 м, қалыңдығы 1,3-тен 14,5 м-ге дейін жететін көлбеу жатқан бір опока кені бар.

Кендегі опоканың химиялық құрамы SiO² - 72,48-77,62% TiO² - 0,47% Al²O³ - 9,52-11,07% Fe²O³ - 5,06% CaO - 1,24% MgO - 1,25% SO³ - 0,69% CaCO³ - 2,72%

Физикалық-механикалық қасиеттері мен құрамы thumb|left|200px|Опока Физикалық-механикалық қасиеттері жағынан оны үстеме ретінде цементке қосуға болады, оның қарқындылығы 38,9%, көлемі 1,3 г/см³, борпылдау коэффициенті 1,27.

Ол аморфты опал түйіршіктерінен және ұсақ түйіршікті сазбалшықтардан (гидрослюдалар және аздаған монтмориллонит) құралған.

Құрамында 10%-ға жуық кварц, глауконит, лимонит, дала шпаттары, мусковит қабыршықтары бар. Опал құрылымы - колломорфтық құрылым.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ақтөбе облысы кен орындары