Моңғол операциясы (1921) - генерал барон Р.Ф.Унгерн фон Штернбергтің ақ гвардияшыл бандыларын Моңғолияда талқандау қимылы. Унгерн бандылары 1920ж. күзде Забайкальеден Моңғолияға баса-көктеп кірді . 1921 ж. 4 ақпанда Урганы (қазіргі Улан-Батор) және басқа бірнеше ауданды басып алды. Сухе-Батор мен Х. Чойбалсан басқарған халық бұқарасы басқыншыларға қарсы күреске аттанды. 1921 ж. 10 сәуірде Моңғолияның уақытша халық үкіметі РКФСР үкіметіне Унгерн бандыларымен күресте өздеріне көмек көрсету жөнінде өтініш білдірді.

Санат:Әскери операциялар