Батыс Карпат — Карпаттың Чехия, аздап Польша мен Мажарстан жеріндегі ең биік батыс бөлігі. Ұзындығы 400 км-ге жуық, ең биік шыңы - Герлаховски-Штит тауы (2655 м). Батыс Қарпаттың солтүстік бөлігінің тау бөктеріндегі төбелер мен биіктігі орташа Батыс және Шығыс Бескид жоталары көбінесе құм тастан, тақта тастан (флиш), ішкі орталық бөлігі (Фатра, Биік және Төмен Татра) кристалл жыныстардан, ал оңтүстік бөлігі (Матра, Кремницк-Штявницк таулары) шөгінді және вулкан жыныстарынан түзелген. Батыс Карпатта темір, магнезит, мыс, сүрме, тұз, мұнай және газ кендері бар. Оңтүстік бөлігінде минералды бұлақтар кездеседі. Климаты қоңыржай, континенттікҚазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том.
Дереккөздер
Санат: Таулар Санат:Польша географиясы Санат:Мажарстан