Каменная, Тасты – Итемген көлінің шығысында 7 км жерде орналасқан тау.
Географиялық орны Ақмола облысы Ақкөл ауданының солтүстігінде, Ақкөл қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 49 км жерде.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 366 м. Беткейлері көлбеу келген. Таудың бірнеше шыңы бар. Жоғарғы девонның граниттерінен тұратын интрузивті тау жыныстарынан түзілген. Оның бетін делювийлі-пролювийлі шөгінділері жауып жатыр.
Өсімдігі Етегінде бетеге, сұлыбас, т.б. шөптесіндер өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ақкөл ауданы таулары