Батыс Аустралия ағысы () - Аустралияның батыс жағындағы Үнді мұхитының суық ағысы. Батыс Желдер ағысының солтүстік тармағы. Оңтүстіктен солтүстікке қарай бағытталған бұл ағыстың жылдамдығы сағатына 0,7-1,1 км. Температурасы ақпанда 19-дан 26 °C-қа дейін, тамыз айында 15-тен 21 °С-қа дейін болады. Тұздылығы 35,5-35,70 грамм литрге. Оңтүстік жарты шардағы тропикте Батыс Аустралия ағысы Оңтүстік Пассат ағысына ауысадыҚазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том. thumb|left|400px| «W. Australia» - Батыс Аустралия ағысы
Дереккөздер
Санат:Мұхит ағыстары