ҚұртшөпҚазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5 () — қоңыраугүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы.
Ботаникалық сипаты Биіктігі 50-70 см. Сабағы қысқа, тікенекті. Қалың жапырақтары қандауыр тәрізді, жиектері өткір тісті. Гүлшоғыры қарапайым, ұсақ көкшіл гүлдері гүлді шоғырға топтасқан. Қауашағы қырлы, ортасы саңылаулы, 3 ұялы. Маусым-тамыз айларында гүлдейді.
Өсетін жері мен таралуы Құршөптің 50-ге жуық түрі бар.
Отаны – Жерорта теңізі жағалауы. Солтүстік Африка, Еуразия және Түркия жерлерінде таралған.
Қазақстанда құртшөптің үш түрі бар - бұтақты құртшөп, траутфеттер құртшөбі және үшкір құртшөп (Asyneuma argutum) Қаратау жотасында, Батыс Тянь-Шань жотасында кездеседі. Ұсақ тасты жерлерде және таудың тасты беткейлерінде өседі.
Дереккөздер
Санат:Қоңыраугүлділер Санат:Қазақстан флорасы