Джозеф Фрэнк «Джо» Пеши (); , Ньюарк, Нью-Джерси, АҚШ) — танымал американдық актёр, «Оскар» және BAFTA жүлдесінің иегері, комик және әнші.

Өмірбаяны Джо Пеши 1943 жылы 8 ақпанда Нью-Джерси штатындағы Ньюаркте, шаштараз Мэри мен жүргізуші Анджелоның отбасында дүниеге келген. Бес жасында ең алғаш театрда өнер көрсеткен. Ең алғашқы рөлін 1975 жылы, «Собиратель душ» атты төменбюджетті фильмде, атақты Фрэнк Винсентпен бірге сомдады. Мартин Скорсезеның «Бешеный бык» фильмінде (1980) боксер Джоуи Ламоттың рөлін ойнағаннан кейін, Пеши «Үздік бастаушы» санатында BAFTA жүлдесін алды. Сонымен қоса, осы рөлі үшін актёр «Оскар» жүлдесіне ұсынылды. 1990 жылы Пеши Мартин Скорсезеның «Славные парни» фильмінде Томи Де Витоның рөлін ойнау арқылы әлемге танылды. Де Вито рөлі үшін актёр алғаш «Оскар» жүлдесін алды. Осыдан соң, Пеши «Үйдие жалғыз қалғанда», «Үйде жалғыз қалғанда 2: Нью-Йоркте адасу»,«Джон Ф. Кеннеди. Выстрелы в Далласе»,« Смертельное оружие 2»,« Смертельное оружие 3»,« Смертельное оружие 4»,« Бронкская история»и« Казино» фильмдерінде көрінді.

Жеке өмірі 1988 жылдан 1992 дейін Джо Пеши Клаудии Марте Харомен отбасылы болды. Олардың Тиффани атты қызы бар. 2007 жылдың шілдесінде 64 жастағы актёр 37 жастағы модель Энджи Эверхартпен кездесіп жүрді. Олар қатынастарын 2008 жылдың тамызында үзді.

Жүлделер мен марапаттары Номинациялар 1981 «Алтын глобус» үздік екінші пландағы ер адам рөлі «Алтын глобус» марапаты (фильм «Құтырған бұқа») «Оскар» (фильм «Құтырған бұқа») 1991 — Премия «Алтын глобус» (фильм «Жақсы жігіттер») 1993 — Премия MTV Movie Awards (фильм «Менің бөлем Виннии») 1996 — Премия MTV Movie Awards (фильм «Казино») 1999 — Премия «Алтын таңқурай» (фильм «Смертельное оружие 4»)

Марапаттары 1980 — АҚШ киносыншыларының Ұлттық кеңесінің жүлдесі (фильм «Құтырған бұқа»). 1981 — АҚШ киносыншыларының Ұлттық қоғамының жүлдесі 1982 — BAFTA премиясы 1990 — АҚШ киносыншыларының жүлдесі (фильм «Жақсы жігіттер») 1991 — «Оскар» премиясы (фильм «Жақсы жігіттер») 1993 — Американдық жүлде (фильм «Менің бөлем Винни»)

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

Санат:BAFTA марапаты иегерлері Санат:Үздік қолдаушы актер үшін Оскар сыйлығының иегерлері