Сағындық Байсалов (1.7.1928 жыл, Түркістан облысы Қазығұрт ауданы – 1997 жыл, Алматы қаласы) – заң ғылымдарының докторы (1966), профессор (1971), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген заңгері (1972).
Өмірбаяны Ташкент заң институтын (1949) бітірген. КСРО Ғылым Академиясының Мемлекеттік және құқық институтының аспирантурасын (1952) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Философия және құқық секторында аға ғылыми қызметкер Қоғамдық ғылым бөлімшесінің ғалым-хатшысы (1953–1970) 1971 жылдан ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) профессор, кафедра меңгерушісі болып, ұзақ жылдар жұмыс істеді.
Еңбектері Қазақстанда жер-суды, табиғатты қорғауға байланысты қабылданған заң, қаулы-қарарларды іс жүзіне асыру мәселелерін ғылыми тұрғыдан зерттеген әрі республикада қолданылған азаматтық, жер-су кодекстерінің жобаларын жасауға қатысқан. Байсалов 70-тен астам ғылыми еңбектің («Право сельско-хозяйственного водопользования в Казахской ССР», 1956; «Водное право КазССР», 1966) авторы.қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1 шілдеде туғандар Санат:1928 жылы туғандар Санат:Қазығұрт ауданында туғандар Санат:1997 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Заң ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген заңгерлері Санат:Ташкент заң институты түлектері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары Санат:Қазақстан заңгерлері