thumb|Барий карбонаты Барий карбонаты - бейорганикалық қосылыс, көмір қышқылдың барий тұзы. Химиялық формуласы - BaCO3. Уыттандыратын зат. Табиғатта витерит минералы түрінде кездеседі.
Физикалық қасиеті Түссіз кристалдық зат, тығыздығы 4,3-4,4 г/сm³, балқу температурасы - 1740°С. Суда өте нашар (18°С-та 20 мг/л), тұз және азот қышқылдарында оңай ериді.
Алынуы Өнеркәсіпте Барий карбонатын көбіне минералдық шикізаттан алады.
Химикалық әдісі - Барий карбонатын барий сульфидінің (BaS) ерітіндісінен көміртек қос тотығын (CO2) өткізу арқылы алады:
Бұл реакцияда CO2 орнына сода (Na2CO3) ерітіндісін алса да болады:
Химиялық қасиеттер Сұйылға тұз, азат және сірке қышқылдарымен әрекеті:
1400 °C-тан астам температураға қыздырғанда ыдырайды:
Қолдануы Барий карбонаты - барийдің өте маңызды қосылыстарының бірі, оны барийдің басқа қосылыстарын (тотығы, нитраты, ацетаты т.б.) алу үшін және шыны өндірісінде эмаль, кіреуке жасауда қолданады Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том.
Тағы қараңыз Барий қосылыстары
Дереккөздер
Санат:Бейорганикалық заттар Санат:Барий қосылыстары Санат:Карбонаттар