Самарқан облысы ()— Өзбекстанның орталығындағы орналасқан облыс.Әкімшілік орталығы және ең үлкен қала — Самарқан. Облыстың басқа үлкен қалалары — Каттакурган, Ургут, Джума, Акташ .Самарқан облысы елдің ең қоныстанған аймағы болып табылады. Облыстаң халық саны - 3 270 800 (2011 жыл бойынша) - ел ішінде 1 орын.
Облыс Жызақ, Қашқадария және Науаи облыстарыме шектеседі. Облыстаң жер аумағы — 16 400 км². Облыстың көп бөлігін (әсіресе солтүстік бөлігін) құмды дала (шөл) алып жатыр (Қызылқұм шөлі). Климаты шөлді, континетті. Жазы аптап ыстық болады - шілде айында орташа температура 32-38 °C шамасында, қысы жылы болып келеді - орташа температура (−2 °C). Жауын-шашын мөлшері аз - 100—200 мм шамасында, таулы аймақтарында 800 мм-ге дейін жетеді.
Негізгі өзені - Заравшан.
Халық саны 2011 жыл бойынша облыстың халық саны - 3 270 800 адам.
Халық санының жылдар бойынша өсуі: Госкомстат Узбекистана
1991—2 228 500 адам 1992—2 284 800 адам 1993—2 341 300 адам 1994—2 395 900 адам 1995—2 451 500 адам 1996—2 507 400 адам 1997—2 560 800 адам 1998—2 607 000 адам 1999—2 648 800 адам 2000—2 690 200 адам 2001—2 729 900 адам 2002—2 769 500 адам 2003—2 807 600 адам 2004—2 846 600 адам 2005—2 887 400 адам 2006—2 931 500 адам 2007—2 979 400 адам 2008—3 032 500 адам
Әкімшілік бөлінуі
Облыс 14 әкімшілік ауданға бөлінген: Ақдария ауданы (8) — орталығы Лаиш Булунгур ауданы (1) — орталығы Бұлыңғыр Жамбай ауданы (3) — орталығы Жамбай Иштыхан ауданы (2) — орталығы Іштіхан Қаттақорған ауданы (4) — орталығы Пайшанба Қошрабат ауданы (5) — орталығы Қошрабат Нарпай ауданы (6) — орталығы Ақташ Нұрабад ауданы (7) — орталығы Нұрабад Пайарық ауданы (10) — орталығы Пайарық Пастдаргом ауданы (11) — орталығы Жұма Пахтачий ауданы (9) — орталығы Зиадин Самарқан ауданы (12) — орталығы Гулабад Тайлақ ауданы (13) — орталығы Тайлақ Үргіт ауданы (14) — орталығы Үргіт
Туризм
Облыстың экономикасында мәдени туризм саласы маңызды орны алады.Самарқан қаласында орта ғасырларда құрылған тарихи ескерткіштер, кесенелер, мешіттер сақталған.Самарқан қаласындағы әйгілі Регистан алаңы әлемнің көптеген туристтерінің басты орны болып табылады.Негізгі кесенелер мен ескерткіштер: Гур Эмир, Бибі Ханым, Шахи Зинда кесенелері, Ұлықбек обсерваториясы және т.б
Дереккөздер
Санат:Самарқан облысы