Андре́й Ви́кторович Гу́бин (КСРО, Уфада, 1974 жылдың 30 сәуірінде дүниеге келген) – ресейлік эстрадалық поп-орындаушы, ресейлік сахнасының тарихында ең танымал әртістердің бірі, Юлия Береттаның алғашқы продюсеры, орындап жүрген өлеңдерінің авторы.
Өмірбаяны Андрей Губин Уфа қаласында дүниеге келген. Андрей 8 жасқа толғанда отбасы Москва қаласына қоныс аударған, қаланың ішінде 1983 жыл бойы қайта-қайта көше берген екен.
Андрей Губин шахмат ойынымен айналысқан, кейін кәсіби футболшы болып Москваның құрамасына да кірген, бірақ аяғы сынып спорттық карьерамен қоштасуға тура келген. Журналист болып жүріп Андрей Макаревичтен интервью алған. Өзін музыкада барлап көрейін деп Гнесинка мемлекеттік музыкалық училищеге қабылданған, бірақ сабақты көп жіберетіндігіне байланысты оқу орнынан шығарылды.
1980 жылдардың соңында «До 16 и старше» телебағдарламасына қатысып көпшілік алдындағы әншілік қызметі басталды.
1986 жылы өзінің бірінші «Мальчик-Бродяга» деген өлеңін жазды. 1989 жылы «Я бомж» деген гитарамен сүйемелденіп айтылатын 200дана тиражымен өлендер дискісі шықты. «Аве Мария» және «Принц и Нищий» альбомдары шықты.
1994 жылы Андрей Губин «Славутич-94» конкурсына қатысып, сол жерде Леонид Агутинмен танысты. Агутинның колдауымен 1996 жылы Андрей Губинның 1-ші студияда жазылған «Мальчик-Бродяга» альбомы жарық көрді. 1996 жылы 500 000 нан астам дебюттық альбомның түпнұсқа көшірмелері сатылды.
1998 жылы Андрей Губиннің 2-ші студияда жазылған «Только ты» альбомы жарық көрді. 1998-1999 жылдары Андрей Губин Ресей, Қазақстан, Украина және де Белоруссияда жалғыз өзі осы концерттік бағдарламасымен өнер қөрсете бастады.
2000 жылы Андрей Губинның 3-ші студияда жазылған «Было, но прошло» альбомы жарық көрді. АҚШ, Израиль, Германия, Латвия, Азербайджан, Қазақстан және Өзбекстанда үлкен гастрольдық турлар өтіп, альбомның пиары жасалды.
2001 жылы Андрей Губин «Лучшее» деген диск шығарып, уақытша гастрольдері мен концерттерін тоқтатты.
2002 жылы Андрей Губинның 4-ші студияда жазылған «Всегда с тобой» альбомы жарық көрді.
2004 жылы «Песни о Путине» дискте «Шаурма рекордз» лейблмен жарық көрген «DJ Путин» деген өлеңі жазылған. 2004 жылдың соңында Жанна Фриске деген карьерасын алғаш бастап жатқан әншіге «Ла-ла-ла» деген ән жазған.
2007 жылы «Лена» деген жаңа ән жарық көрді. Юлия Беретта деген әншіге арнайы жазылған, Андрей Губин Юлия Береттаның продюсеры болып жүргенде.
2009 жылы «Нежность» деген тағы бір жаңа ән жарық көрді. Сол уақыттан бастап Андрей Губин еш басқа жаңа материал шығарған жоқ.
Қазіргі уақытта Андрей Губин көбінесе жюридың мүшесі ретінде ғана көпшілік алдына шығады. Ішімдікке салынып кеткенін жоқтау үшін, аздап алынатын интервьюларында бірнеше жаңадан өлең жазғанын хабарлайды.
Жанұя және жеке басының тірлігі Өгей әкесі Виктор Викторович Губин гылыми қызметкер болған, бұрынғы Ресейлік шикізат биржасының вице-президенты Андрейдің продюсері болған, бір неше фирмалары болған, 2007 жылдың 3 наурызында марқұм болды.
Анасы Светлана Васильевна ұй шаруашылығымен айналысқан, 2012 жылдың 14 маусымында дұниеден озды.
Кіші қарындасы – Настя Клементьева.
Андрей өгей әкесінің фамилиясын алған. Басы бос. Жақын арада сақынаға шығу ойында.
Студидиялық альбомдары 1996 — Мальчик-бродяга 1998 — Только ты 2000 — Было, но прошло 2002 — Всегда с тобой
Басқасы 2001 — The Best 2002 — V.I.P 2003 — Платиновая коллекция 2004 — Время романтиков 2008 — The Best 2013 — С тобою рядом
Видеографиясы 1994 — Лиза 1995 — Мальчик-бродяга 1996 — Ночь 1996 — Дай мне слово 1997 — Зима-холода 1998 — Я знаю, ты знаешь 1998 — Птица 1999 — Плачь, любовь 2000 — Без тебя 2000 — Облака 2002 — Танцы 2002 — Она одна 2002 — Будь со мной 2003 — Девушки как звёзды 2003 — Я всегда с тобой (feat. Ольга Орлова) 2004 — Солнышко 2004 — Те, кто любит (feat. Краски)
Фильмографиясы 1998 — Я знаю, ты знаешь Сілтемелер www.andreygubin.ru www.gubin.aha.ru www.lastfm.ru