ЛағатҚазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5 () – астық тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы.

Ботаникалық сипаты Биіктігі 15-120 см. Тамыры қысқа, сабағы тік. Жапырақтары жіңішке, бұжыр, ұзындығы 30-90 см-дей. Гүлшоғыры ұзындығы 5-15 мм масақтардан тұрады. Ұрықты масақ сабағы 1-6 гүлді., сонымен қатар ұрықсыз гүлдері де бар. Аталығы ушеу. Масақ қабыршақтары жұмыртқа тәрізді, сыртында қабығы бар, 3-5 талшықты. Маусым-тамыз айларында гүлдейді. Тұқы]ы - жұмыртқа тәрізді дән.

Өсетін жері мен таралуы Лағат Еуропада, Кавказ тауларында, Батыс Сібірде, Кіші Азияда таралған. Сортаңды топырақты шалғындар мен ормандарда, бұта арасында өседі.

Түрлері Лағаттың 5 түрі бар: Көкшіл лағат (Molinia caerulea) Жапондық лағат (Molinia japonica) Қамысты лағат (Құрақты лағат) (Molinia arundinacea) Molinia maxima Molinia aquarrosa

Дереккөздер

Санат:Астық тұқымдасы Санат:Қазақстан флорасы