Жалпы мәліметтер Бақа оты тұқымдасы - суда өсетін көп жылдық дара жарнақты өсімдіктер тұқымдасы. Жапырағы су бетінде қалқып не су ішінде өсіп тұрады. Гүлі: актиноморфты кейбіреулерінде қос жынысты көпшілігінде дара жынысты күлтесі реңді немесе көріксіз. Бір аналығы бар, аналық гүлдері жеке-жеке орналасқан, 3-15 аталығы бар, аталық гүлдері жартылай шатырша гүл шоғын құрайды. Етті немесе құрғақ жемісті. Тұщы суда немесе теңізде өсетін 15 туысқа жататын 100-ге жуық түрі белгілі. Үнді және Тынық мұхит жағаларының кейбір жерлерінде өсетін туыстарының түрлері 10 м тереңдікке дейін ну қопа болып өседі және бұлардың тіршілік ортасына бейімделгені сонша, су ішінде тозаңданады, КСРО-да бақа оты тұқымдасының 6 туысы бар. Қазақстандағы 4 туысы (бақа оты, гидрилла, тәнкесер, валлиснерия) Семей, Көкшетау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Арал теңізі маңында өседі. Бақа оты тұқымдасының кейбір түрі аквариумда өсіріледі. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1973 ж. 2-том, 109-бет Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Бақа оты тұқымдасы · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.