Қаратау томағашөбі () – ерінгүлділер тұқымдасы, томағашөп туысына жататын көп жылдық өсімдік.

Ботаникалық сипаты Биіктігі 10 – 30 см. Тамырсабағы жіңішке, жан-жағына тарамдала жайылған. Сабағы жайылып өседі, сыртын қалың түк жапқан. Жапырағының ұзындығы 0,8 – 2 см, ені 0,6 – 2 см. Жапырақ тақтасы жұмыртқа пішіндес, түп жағы (сағаққа бекінген жері) жүрек тәрізді кеңейген, қалың түкті, бозғылт-жасыл түсті. Сағағы қысқа, оның ұзындығы 7 мм, өркенге қарама-қарсы орналасады. Гүлдері түкті, бір-бірімен өте тығыз орналасқан. Жеке гүлінің ұзындығы 1,5 см, күлтесі сары, астыңғы ерін құрайтын күлтелері ірілеу. Күлтесінің түбі бір-бірімен бірігіп түтікшеге айналған. Тұқымынан көбейеді. Маусымда гүлдеп маусымның аяғы, шілдеде жемістері піседі. Жемісі – құрғақ жаңғақша. Қаратау томағашөбі – өте сирек кездесетіндіктен эндемик өсімдік.

Өсетін орны мен таралуы Қаратау жотасының (Батыс Тянь-Шаньда), әсіресе, Берікқара тауының беткейлерінде ғана өсетін сиреп бара жатқан түр. Жылдан жылға таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Еріндігүлділер Санат:Қазақстан флорасы Санат:Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер