Су қандалаларының-ішінде көп таралған түрлері − ескіш қандалалар ( 600 түрі бар ). Олардың дене тұрқы 13 – 16мм, ең ұсақ түрі 2 мм-ге жетеді. Бұл тұқымдастың ерекшелігі: аяқтарының бірінші жұбы қысқа, ұшы күрек тәрізді жалпақ. Аталығының аяқарының ұшында майда тісшелері болады, одан дыбыс шығады. Ортаңғы жұп аяқтары ұзын, ұшында шөпке жабысатын тырнақша тәрізі иілген өсінділері бар. Соңғы жұп аяқтары жалпақтау, түкті, суда тез жүзу үшін ескек қызметін атқарады. Ескіш қандалалар әлсін–әлсін су бетіне қалқып шығып, атмосфералық ауамен тыныс алады. Олар ағыны баяу, тоқтау суларды мекендейді, қыста мұз астында тіршілігін жалғастыра береді. Шар тәрізді жұмыртқаларын аналықтары жабысқақ зат арқылы су астындағы өсімдіктерге , тастарға бекітеді. Дереккөздер Қызықты биология жануарлар әлемі : ISBN 9965-806-39-X
Санат:Жартылай қатты қанаттылар