Жыл адамы (немесе Жыл тұлғасы; ) — Америка Құрама Штаттарының әйгілі Time атты журналы дәстүрлі түрде жыл сайын желтоқсан айында шығатын соңғы басылымда жарияланатын номинация.

Алғышарттары «Жыл адамын» таңдау дәстүрі 1927 жылы TIME редакторлары жыл жаңалықтарын жасаушыларды қарастырған кезде басталды. Бұл идея сонымен қатар сол жылдың басында ұшқыш Чарльз Линдбергтің Тарихи трансатлантикалық рейсінен кейін мұқабасында болмауынан туындаған редакциялық конфузияны түзету әрекеті болды. Жылдың соңына қарай Линдбергтің жылдың адамы атанған мұқаба мақаласы екі мақсатқа да қызмет етеді деп шешілді.

Лауреаттары Франклин Рузвельт, Адольф Гитлер, Иосиф Сталин, Джордж Буш, Америкалық сарбаз, сондай-ақ интернет қолданушысы әр жылда Жыл адамы ретінде таңылған. Ал 2007 жылы Ресей Федерациясының Президенті — Владимир Путин Жыл адамы номинациясын иеленді.

Екі мәрте Жыл адамы атағын алғандардың саны — 16 (хронологиялық ретпен): Франклин Рузвельт, Иосиф Сталин, Джордж Маршалл, Гарри Трумэн, Уинстон Черчилль, Дуайт Эйзенхауэр, Линдон Джонсон, Ричард Никсон, Рональд Рейган, Дэн Сяопин, Михаил Горбачёв, Билл Клинтон, Америкалық сарбаз (абстрактты ұғым), Джордж Буш-кіші, Барак Обама және Дональд Трамп.

Үш мәрте Жыл адамы атағын алғандардың саны — 1 адам: Франклин Рузвельт.

Бұл номинацияны қазіргі таңда бірде-бір қазақстандық алған емес.

Time журналы бойынша «Жыл адамы» лауреаттарының тізімі