Мұқаш Орынбайұлы Орынбаев (13 қыркүйек 1900, Шыңғыстау, Бұғылы болысы, Семей уезі, Семей облысы, Ресей империясы – 26 ақпан 1938, Алматы, Қазақ КСР) – мемлекет және қоғам қайраткері.

Өмірбаяны 1900 жылы 13 қыркүйекте Шыңғыстау ауылы, Бұғылы болысы, Семей уезі, Семей облысы (қазіргі Абай облысы, Абай ауданы) кедей малшы Шормықов Беркімбайдың отбасында дүниеге келген. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты-Дүзбембет руынан шыққан.

Семейдегі бастауыш орыс мектебін (1914), Зайсан қаласындағы жоғары бастауыш учелищесін 1918, Семейдегі ерлер гимназиясын (1920), Мәскеудегі бүкілресейлік төтенше комитет курсын (1921) бітірген. 1920 – 23 ж. Семей губерниясы атқару комитетінде әр түрлі басшылық қызметтер атқарып, 1924 – 25 ж. Қазақ АКСР-і Ішкі істер халық комиссары болды. 1925 – 27 ж. Ақмола губерниясында атқару комитетінің төрағасы, 1927 – 29 ж. Қазақ АКСР-і жұмысшы-шаруа инспекциясы халық комиссарының орынбасары, 1930 – 33 ж. Қазақ АКСР-і Қаржы халық комиссары, 1933 – 36 ж. Оңтүстік. Қазақстан облысы атқару комитетінің, 1936 – 37 ж. Гурьев (қазіргі Атырау) округтік атқару комитетінің төрағасы болды. Қаржы комиссары болған кезінде ұжымдастыру науқаны салдарынан аштыққа ұшыраған қазақ халқының ауыр хәлін айтып, жоғары үкімет орындарына бірнеше рет хат жолдаған. 1937 ж. саяси қуғынға ұшырап, 1938 ж. атылды. 1957 ж. КСРО Жоғарғы соты әскери алқасының шешімімен ақталды.

Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы, 7том 9 болім

Санат:Семей уезінде туғандар Санат:Кеңестердің Бүкілресейлік ХІ съезі делегаттары Санат:Кеңестердің Бүкілодақтық II съезі делегаттары Санат:Қазақстан Компартиясы съездерінің делегаттары Санат:РК(б)П ХІІ съезі делегаттары Санат:КСРО ОАК мүшелігіне кандидаттар Санат:БОАК мүшелері Санат:Шымкент облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Гурьев аймақтық атқару комитетінің төрағалары Санат:БК(б)П Қазақстан өлкелік комитетінің мүшелері Санат:Қазақ АКСР халық комиссарлары Санат:Қазақ КСР-да атылғандар Санат:1938 жылы бұйрықпен өлтірілгендер