Багрицкий ( шын фамилиясы – Дзюбин) Эдуард Георгиевич (3.11.1895, Одесса, - 16.2.1934, Москва) – орыс совет ақыны.

Алғашқы шығармалары 1915 жылы Одесса альманахтарында басылды. 1919 жылы ВЦИК атындағы Ерекше партизан отрядтарының жауынгері болды. Багрицкий жырларының («Азаттық», «Қызыл Армия», «Бірінші май») негізгі арқауы – еңбек адамдары, сов. жауынгері. «Жеңімпаздар» (1932), «Соңғы түн» (1932) жинақтарында жаңа өмірді, оны орнатып жатқан жаңа сов. адамдарын зор шабытпен жырлады. Багрицкийдің ірі шығармашыларының бірі – «Опанас туралы ой » (1926) поэмасы. Бұл – халық поэзиясының сарынымен жазылған революция ісіне адалдықты бейнелейтін көп ұлтты сов. әдебиетіндегі елеулі туынды.Қазақ энциклопедиясы

Шығармалары "Азаттық", "Қызыл Армия", "Бірінші май", "Жеңімпаздар" (1932), "Соңғы түн" (1932), "Опанас туралы ой" (1926), "Пионер қыздың ажалы" (1932), "Көктем, ветеринар және мен" (1932), "Вмешательство поэта", "ТВС", "Стихи о себе" (1929), "Трясина", "Көктем", "Папиросный корбок", "Контрабандисты" (1927), "От черного хлеба и верной жены" (1926), "Арбуз", "Возвращение", "О Пушкине" (1924), "Күз", "Ақпан" (1923), "Кептерлер" (1922), "Баллада о нежной даме" (1919), "Словяне", "Түн", "Птицелов", "Гимн Маяковскому" (1915).Ілияс Жансүгіров: Энциклопедия. Алматы . «Кітап» баспасы 2019. 77-бет.

Дереккөздер

Санат:1895 жылы туғандар Санат:1934 жылы қайтыс болғандар Санат:Тұлғалар Санат:Орыс ақындары