Курсанов Лев Иванович (06. 02. 1877— 11. 12. 1954) — совет ботанигi. Москва университетінің физика-математика факультетiнiң табиғат тану бөлiмiн бiтiрген (1900). Осы университетте лаборант, ассистент, приват-доцент, ал 1918 жылдан профессор және төмеңгі сатыдағы өсімдіктер лабораториясын, кейiн кафедрасын ұйымдастырған, 1951 жылға дейiн оның меңгерушiсi. РКФСР-дiң еңбек сің. ғылым қайраткері (1942). Курсановтың негiзгi еңбектері саңырауқұлақ пен балдырлардың цитологиясы және морфологиясын, паразит саңырауқұлақтар, ағаш сургін зақымдайтын саңырауқұлақтарды зерттеуге арналған. Өсiмдiктердiң бiрнеше түpi Курсановтың есімімен аталады. Курсанов көптеген оқулықтардың, ғылми еңбектердiң авторы, Ленин орденi т. б. екі орден, медальдармен марапатталған.Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6 Дереккөздер
Санат:1877 жылы туғандар Санат:1954 жылы қайтыс болғандар