Байкал жотасы () — Байкал көлінің солтүстік-батыс жағалауындағы тау жотасы. Ұзындығы 300 км-дей. Ең биік жері - Черский тауы (2572 м). Жотаның тауларының орта биіктігі - 1900-2200 м.

Негізінен протерозойдың кристалды тақта тас, гранитінен түзелген. Байкал көліне қараған тік беткейі - 900-1000 м, биіктікке дейін орманды дала, қарағай орманы, ал одан жоғары қылқан жапырақты тайга. Жотаның орта және солтүстік бөлігінде жалпақ жапырақты тайга басым. 1400 м биіктіктен жоғарыда жалпақ жапырақты селдір орман, тау тундрасы мен қорым тас Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том. Жотаның оңтүстік жағында Байкало-Ленский корығы орналасқан.

Дереккөздер

Санат:Ресей географиясы