thumb|right|200px|Григорий Петрович Передерий Григорий Петрович Передерий [29.9.(11.10).1871, Ейск, - 14.12.1953, Мәскеу] – көпір салу әрі құрылыс механикасы саласындағы совет ғалымы, КСРО ҒА-ның академигі (1943).
1939 жылдан КОКП мүшесі. 1897 жылы Петербург жол қатынасы инженерлері институтын бітірген. 1907 жылдан ин-ттарда сабақ берді. 1901 жылы инженерлік құрылыс істерінің техникалық жаңа идеяларын насихаттайтын «Инженерлік іс» атты журнал ұйымдастырды.
Передерийдің негізгі ғылми еңбектері көпір салу теориясына, оны жабалауға т.б. мәселелерге арналды. Ол құрама көпір салу әрі бұл іске индустриялық және электрлік пісіру әдістерін пайдалану жөнінде бірқатар жаңалықтар егізді. Передерийдің жасаған жобасымен және оның басшылығымен 1932-38 жылдар аралығында бірқатар көпірдер салынды (Ленинградтағы Володарский атындағы темір-бетон көпір) және қайта жөнделіп қалпына келтірді (Лейтенант Шмидт атындағы көпір).
КСРО Мемлекет орденімен және басқа 5 орден, медальдармен марапатталған.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:11 қазанда туғандар Санат:1871 жылы туғандар Санат:Ейскде туғандар Санат:14 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:1953 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:КСРО Ғылым Академиясының академиктері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:Сталиндік сыйлықтың иегерлері Санат:РКФСР-дің еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткерлері Санат:Петербург жол қатынастары университеті түлектері Санат:КСРО инженерлері Санат:Көпір құрылысшылары Санат:Петербург жол қатынастары университеті оқытушылары Санат:Мәскеу жол қатынастары университеті оқытушылары Санат:Санкт-Петербург сәулет-құрылыс университеті ректорлары Санат:Введенское зиратында жерленгендер