Сазды — Қызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл, Сазды ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Арал қаласынан солтүстікке қарай 88 км, Баршақұм құмды алқабының оңтүстік шетінде, Арал теңізінің байырғы табанында орналасқан. Жері – саздауыт, сор, тақыр, құм аралас болып келеді.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 555 адам (270 ер адам және 285 әйел адам) болса, 2009 жылы 564 адамды (278 ер адам және 286 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы
Тарихы Ауыл 1957 – 96 жылдары асыл тұқымды қаракөл қойын өсіретін «Арал» кеңшары бөлімшесінің орталығы болған. Бөлімшеде негізінде мал шаруашылық қожалықтары жұмыс істейді. Осы ауылда жазушы Түменбаев Жақсылық, ғалым Өзденбаев Жанбай Шүйіншіәліұлы туып – өскен.
Дереккөздер
Санат:Арал ауданы елді мекендері