Крокандар (croquants) - Франциядағы 16 ғасырдың ақыры мен 17 ғасырдың 1-жартысында антифеод. шаруалар қозғалыстарына қатынасушылар. Олар алым-салықтың азайтылуын, синдиктi (сот көмекшісі, адвокат) сайлауға қатысу правосын талап етті, 1598 жылы үкiмет көтерiлiстi басты, бірақ Генрих IV тiкелей салықты кемітуге, қарыздары үшiн шаруалардьң құралдарын конфискелеуге тыйым салуға мәжбүр болды. 17 ғасырдың 20-40 жылдарында көтерiлiс қайта күшейді, 1643 ж. Фрапцияның оңтүстiгiнде тағы да көтерiлiс оты тұтанды. Олар Вильфраншты басып алды. 1643 ж. оңтүстікте басылған қозғалыс Ангумуаға, Пуату Т. б. өлкелерге ауысты. Олар тек 1645 жылы ғана басылды. 17 ғасырдағы Крокандар сол кезеңдегi басқа да халықтар көтерiлiстерi сияқты, Фронда қарсаңындағы абсолютизмге қарсы антифеод. хальқ оппозициясының күшейгенін танытты. Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6 Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Крокандар · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.