Кішкене жолақты кит () – мұртты киттердің ең кіші түріне жатады.
Биологиялық сипаттамасы Оны мұхиттардан кездестіруге болады. Ол жағаға жақын жерлерде де, терең суларда да тіршілік етеді. Кішекене жолақты киттің дене пішіні сүйір және арқасында кішкене жүзбеқанаты бар. Кішкене жолақты кит крильдермен майда балық тәрізділерді сүзіп алып қоректенеді. Оның терісі- сұр түсті, денесінің астыңғы бөлігі- ақшыл түсті, кейбіреунің арқа жүзбе қанатының ұшында ақ жолақтары болады. Кішкене ергежейлі кит Солтүстік жартышарда тіршілік ететін кішкентай жолақты китке ұқсайды. Кішкене жолақты кит басқа киттерден жүзбе қанаттарындағы ақ жолақтарымен ерекшелінеді. Кішкене жолақты кит Солтүстік теңізден басқа барлық мұхиттардың жоғарғы бөлігінде тіршілік етеді. Мәліметтер Олардың өмір сүру ұзақтығы- шамамен 20 жыл. 7-8 жылда жыныстық жағынан жетіледі. Жаңа туған киттің ұзындығы- шамамен 2,6 метр. Ол анасымен 2 жыл шамасында бірге тіршілік етеді. Ол- өткір тұмсықты, шағын денелі кит. Оның жүзбеқанаты арқасынан 2-3 есе төмен орналасқан Өте тез қозғалады және сағатына 20 шақырым жылдамдықпен жүзе алады. Акулалар, Дельфиндер және киттер .-Алматы: "Аруна" баспасы. -Сер: "1100 қызықты деректер" ISBN 978-9965-26-553-2 Дереккөздер
Санат:Мұртты киттер