Халед Багдаш (, 1912—1995) — Сирия жұмысшы және ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері.
Дамаскіде аль-Мухаджирин (المهاجرين) атты күрділер тұратын ауданында туған. Сол жерде бастауыш және орта білім алды. Дамаск университетінің заң факультетінде оқып жүрген жерінен саяси жұмысшы қозғалысына қатысқаны үшін университеттен шығарылғанKhalid Bakdash in Britannica . 1930 жылдан бастап Сирия Коммунисттік Партиясының (СКП) мүшесі. 1933 жылдан СКП Орталық Комитетінің хатшысы, 1937 жылдан бастап - бас хатшысы. 1935 ж. Коминтерннің 7-ші конгресіне қатысты. 1954-58 ж. Сирия парламентінің депутаты болды.
КОКП-ның 19-шы, 20-шы съездеріне, 1957 ж. Коммунистікжәне жұмысшы партиялары өкілдерінің Мәскеуде өткен кеңестеріне Сирия, Ливан КП делегациясын және КОКП-ның 21-ші, 22-ші съездеріне, 1960, 1969 ж. Мәскеу кеңестеріне Сирия КП делегациясын бастап келді.
Багдаш - бірсыпыра теориялық және публицистикалық еңбектердің авторы. "Коммунистік Партияның Манифестін" араб тіліне аударушыҚазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том.
1995 ж. 15 шілдеде 83 жасында жүрек ұстамасынан қайтыс болды.Биография Халеда Багдаша на сайте www.asharqalarabi.org.uk (на арабском языке)Washington Report on the Middle East Affairs
Дереккөздер
Санат:Сирия тұлғалары Санат:Шығыс еңбекшілерінің коммунистік университеті түлектері