Найзақара "Қазақ Энциклопедиясы", 6 том(Salsola folіosa) – алабұта тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық аймақтарындағы сор, сортаңды және тақыр жерлерде өседі. Биіктігі 15 – 80 см. Сабағы түп жағынан бұтақталып келеді. Жапырақтары толық, бармақ тәрізді, шырынды жоғарғы жағы имектеу. Гүлдері жапырақ қолтығында топтана шоғырланған. Гүлжапырақтары үлпек қабыршақты, жұмыртқа тәрізді, жемістенгенде түсі сарғыш, шеті бүтін және қанатшалары болады. Тамыз – қыркүйекте гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – сары немесе қызыл түсті жидек. Найзақара – аса құнды мал азығы.

Сілтемелер Табиғат Өсімдіктер Гүлдер Дереккөздер

Санат:Қызылқұйрық тұқымдасы