Орыстың ауыр жүк тартатын жылқысы. Бұл жылқының тұқымы біздің елімізде ертеден бері өсіріліп келе жатқан арден тұқымының (негізінен) және Бельгия мен Францияда шығарылған кейбір жылқының айғырларын пайдалану арқылы шығарылған. осы жылқыны асылдандыру жөнінде жүргізілген жұмыстрадың арқасында барып, орыстың ауыр жүк тартатын, жұмысқа төзімді жылқысы шығарылды. Бұлар көбінесе Украинада, Оралда, Сибирьдің кейбір аудандарында өсіріледі. Біздің республикамыздың солтүстік аудандарында жергілікті жылқылар тұқымын ірілендіруге, оның күшін арттыруға пайдаланады. Бұл тұқым онша биік емес. Маңдайы жазық, мойны жуан, щоқтығы биік емес, арқасы ұзын, белі кейде қайқылау, сауыры кең, бөлінген, аяқтары қысқа,мықты, жалқұйрығы қою болады. Негізгі түстері- жирен, бурыл торы, щабдар, кейде көк, қара. Айғыларының өлшемдері: щоқтығының биіктігі-150, тұрқының қиғаш ұзындығы-158, көкірек орамы-194, жіліншік орамы-22 см, тірідей салмағы 600 кг. Орыстың ауыр жүк тартатын жылқысы жүрдек, желісті, жұмысқа төзімді, мықты келеді. Бұл тұқымдар жұмысқа-18-20 жасқа дейін, ал асылдандыру жұмысына 25 жаска дейін пайдалануға болады. Биелері төлшіл және сүтті келеді. Орыстың ауыр жүк тартатын жылқы ьұқымы 5 жылқы заводында және 7 завод бөлімшесінде өсіріледі. 1981 жылы бұл жылқының саны 852 басқа жетті.
Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы