thumb|right|200px| Шөптер - фармацевтикалық практикада өсімдіктің жер үсткі бөлігінің дәрілік шикізаты.
Шикізаттың құрамы сабақтан, гүлдерден, жапырақтан, піспеген жемістерден тұрады. Сыртқы белгілерін анықтаған кезде сабақтарының құрылысын, жапырақтарының, гүлдерінің құрылысын қарусыз көзбен немесе лупа көмегімен көріп зерттейді. Керек болған жағдайда шикізатты бірнеше минут ылғалдайды, кейін сабағы мен жапырақтарын жөндеп зерттейді. Сабағын тексерген кезде оның: қысқартылған немесе ұзын, қарапайын немесе бұтақты, сабағының пішіні цилиндр тәрізді, қабырға тәрізді, төрт қырлы, т.б, түктілігі, өлшемдері (ұзындығы, диаметрі), жапырақтардың орналасуы, гүлшоғырдың типі, гүлдердің, жемістердің құрылысы бойынша анықтайды.
Түсті - құрғақ шикiзатта күндiзгi жарықта анықтайды; иiстi - уқалауда; дәм, құрғақ шикiзатты шақпақ немесе (тек қана улы емес объектiлерде) оның қайнатпасынан дәм татаанықтайды. Жапырақтың орналасу типі ДӨШ «Шөбі» тобына сыртқы көрінісі арқылы морфологиялық талдау жүргізудің реті: Шикізаттың түрі (бастырылған тұтас гүлденгiш ұшарбастар және басқалар) шикiзаттың өңi Сабақтың құрылысы. Түктену. Көлемі (ұзындық және диаметр түбегейде) сабақтың мөлшерлерi. Жапырақтың орналасуы. Жапырақтардың пішіні. Гүл шоғыры немесе жеке гүлдер. Жемiс және тұқым. Иісі. Дәмі (тек улы емес)
Шөптердің түрлері Ағаш тектес дәнді дақылдар - қатқыл, берік сабақтары бар шөптер. Оларға бамбук жатады. Көгалдық шөптерді әдетте ойын алаңдарында, алаңқайларда өсіреді. Бермуд шөбі мен үйбидайықкөгалдық шөптерге жатады. Сәндік шөптер саябақтарды безендіруге қолданылады. Дақылдар - азық ретінде өсірілетін шөптер. Оларға бидай, күріш пен жүгері жатады. Жайылымдық шөптер - сиыр, ешкі, жылқы, басқа да шөппен қоректенетін жануарлардың азығы. Оларға сұлыбас, түлкіқұйрық, дантония жатады.
Дереккөздер
Санат:Өсімдіктердің тіршілік формалары Санат:Шөптер