Қотанбұлақ – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Нарманбет ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км жерде орналасқан тау.
Жер бедері Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 25 км-ге созылып жатыр, енді жері 5 км. Абсолюттік биіктігі 740 м. Сай, жыра, өзен аңғарларымен тілімденген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады.
Геологиялық құрылымы Тас көмір кезеңінің ортаңғы және жоғарғы бөлім жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, бұталар өседі. Бұлаққа бай.Алматы, 2011ж., Қазақ энциклопедиясы, Қазақстан табиғаты, 147 бет.
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары