Үйдене, Жайдақ – Зайсан көлі алабындағы өзен

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы аумағында. Ұзындығы 103 км, су жиналатын алабы 856 км2.

Бастауы Үйдене Сауыр-Тарбағатай жотасының солтүстік беткейіндегі бұлақтардан басталып, Зайсан көліне құяды.

Гидрологиясы Аңғары жоғарғы бөлігінде тар (таулық), төменде, Зайсан (Жайсаң) қазаншұңқырында 0,4-1,5 км-ге кеңейеді. Өзен қар (50%), жаңбыр (25%) және жер асты (25%) суымен толығады. Су режимі бойынша көктем-жаз кезеңінде (наурыз-маусым) таситын өзендерге жатады. Ағынының 75-85%-ы су тасу, 10-25%-ы жазғы-күзгі сабалық (шілде-қараша), 2-5%-ы қысқы сабалық (желтоқсан-ақпан) кезеңдерінде өтеді. Суының минералдылығы су тасу кезеңінде 100-200 мг/л-ден жазғы-күзгі және қысқы сабалық кезеңдерде 300-700 мг/л-ге дейін өзгереді. Көп жылдық орташа су ағымы Зайсан қаласының тұсында 3,76 м3/с. Орташа лайлылығы жоғарғы ағысында 25 г/м3-ден төменгі ағысында 100 г/м3-ге дейін өзгереді. Өзен негізінен егін суаруға пайдаланылады. Өзенде Үйдене бөгені салынған."Қазақ энциклопедиясы", 9 том

Дереккөздер

Санат:Зайсан ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы