Дюрь аллюминий құймасы. Балқу температурасы – 605 Сº. Құйманың құрамы аллюминий, 0,5% магний бар. Дюрь аллюминий құймасы ауыз қуысында тотықпайды. Қалайы арқылы дәнекерленеді. Болмаса, дәнекерлеуді ультрадыбыс арқылы жүргізуге болады. Аллюминий – магний құймасы (магналий). Балқу температурасы – 657 Сº. Құрамы 9 бөлігі алюминий, 1 бөлігі магний. Құйманың түсі ақ күміс тәріздес. Алюминий қатты қышқылға төзімді, күкірт қышқылы және көптеген органикалық қышқылдар құймаға әсер етпейді. Дәнекері қалайы. Дәнекерлеуді ультрадыбыспен жүргізуге болады.I Тіс протезін жасаудың технологиясы бойынша дәрістер курсы (оқу - әдістемелік құрал) Қарағанды: ҚММА, 2007ж 73 б. Авторлары: Аубакиров С.Е., Ахмадишин И.М., Кубжасарова Г.У. Дереккөздер
Санат:Алюминий қорытпалары