Тукаши дельфиндерінің жотасында көк, қара түсті жолақтары бар, ал кеуде тұсы - аппақ. Кейде ақшыл қызыл болып келеді. Тукаши дельфиндері шаяндармен, жұмсақ бунақденелілермен, асшаяндармен және балықтармен қоректенеді. Сондай-ақ дельфиндерді де жейді. Ауыз қуысының үстіңгі және астыңғы бөліктерінде 25-35 тісі болады. Олар 10-15-тен топтасып тіршілік етеді. Олар топ болып жүргенде, өз қорегін тез ұстай алады. 3-4 дельфин балықтарды бір жаққа айдай бастайды, қалғандары тор ұстап тұрғандай, бір жағында күтіп тұрады. Тукаши теңіз дельині Оңтүстік Америка теңіз жағалауларын және теңіз шығанақтарын мекендейді. Ғалымдардың пайымдауынша, дельфиндердің бұл түрі теңізде 30 жыл, ал өзен арнасында 35 жылға дейін өмір сүре алады. Бұл дельфиндердің майын адамдар емдік мақсатында пайдаланады.Акулалар, Дельфиндер және киттер .-Алматы: "Аруна" баспасы. -Сер: "1100 қызықты деректер" ISBN 978-9965-26-553-2 Дереккөздер
Санат:Дельфиндер