thumb|200px|left|Жас зебра акуласы Зебра акуласы () – қарапайым акула. Олар Үнді,Тынық Мұхиты су жағалауын мекендейді. Олар- зебра тәрізді акуланың жалғыз өкілі. Бұл акуланың «зебра» деп аталуына оның зебраға ұқсас жолақтары себеп болған.Ол Батыс тропикалық Тынық мұхиты мен Үнді мұхитының 5-30 м тереңдігінде тіршілік етеді. Бұл акуланың денесі иілгіш болғандықтан, ол түрлі саңылаулар мен тап-тар суасты үнгіріне кіре алады. Жас акуланың денесі сары түсті жолақтармен сызылған сияқты. Мұндай жолақтар акуланың жас ерекшелігінен де хабар береді.Уақыт өте келе,олардың үстінде қоңыр, қара дақтар пайда болады. Зебра акуласы өте баяу қозғалады. Ол көбінесе мұхит түбіндегі маржанды рифтің топырағвн немесе тау жыныстарын мекендейді. Олар түнде топырақ арасынан шығып,жыбырлап жүрген кішкентай шаянтәрізді бунақденелерді, балықтарды және ұлуларды тауып жейді. Ең ірі зебра акуласының ұзындығы 3,6м. Шағылысудан кейін зебра акуласының аналығы көп жұмыртқа салады. Жұмыртқасының түсі- қара күлгін.Акулалар, Дельфиндер және киттер .-Алматы: "Аруна" баспасы. -Сер: "1100 қызықты деректер" ISBN 978-9965-26-553-2
Дереккөздер
Санат:Акулалар