Тершеңдік- тердің тым көп бөлініп шығуы. Тер бөліну процесінің организмнің тіршілігі үшін маңызы зор. Термен бірге денедегі зиянды нәрселер бөлініп шығады. Терлеуді нерв жүйелері реттеп отырады. Болмашы ғана дене еңбегімен айналысқанда, қобалжығанда, ауа райы жылығанда нерв жүйелері әсерленгіш, эндокрин тобындағы ауруларға және созылмалы инфекциялық сырқаттарға шалдыққан адамдардың денесін тер басып кетеді. Дененің жалпы терлеуімен бірге оның жеке мүшелерінің, яғни алақан, табан, қолтық т.б терлейтіні байқалады. Шaмадан тыс тершеңдік дененің қызарып, баздануына, есекжем ауруының терінің грибокті және іріңді ауруларының қозуына ықпал етеді. Тершең адамдар дәрігерге көріну керек. Ал дененің жеке мүшелері терлегенде теріні күтудің гигиеналық ережесін сақтау қажет.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Дереккөздер