thumb|300px|Майкөбен қоңыр көмір алабының тектоникалық картасы Майкөбен қоңыр көмір алабы – Павлодар облысы Екібастұз қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 65 км жерде орналасқан. Алап Сарыкөл, Шөптікөл, Ащыкөл, Талдыкөл, Жиренкөл, Тасқұдық және Тамды кен орындарына бөлінеді. Аумағы 1040 км².
Тарихы Мұндағы көмір туралы мәлімет 19-шы ғасырдың басында алынған. Алғаш А.А.Краснопольский зерттеген. Төменгі және ортаңғы юра көмірлі қабатының қалыңдығы 1850 м.
Геологиялық құрлысы Майкөбен қоңыр көмір алабы 4 шоғырға: ащыкөл, талдыкөл, шөптікөл және жиренкөлге жіктеледі. Олардың ішінде ащыкөл, талдыкөл және шөптікөл шоғырларының 500-600 м қимасында негізгі көмір қабаттары мен горизонттары орналасқан. Шөптікөл шоғырының қалыңдығы 250-300 және 150-250 м болатын екі көмір горизонты бар. Оның қалыңдығы 170-340 м. Қалғандары бір-бір қабаттан (қалыңдағы 5-6м) тұрады. Сапалық көрсеткіштері бойынша алаптың көмірін жоғары сапалы энергетикалық отын, газға айналдыруға, кокстенгенде Қарағанды көмір алабындағы долинка шоғырының көміріне қоспа ретінде пайдалануға болады. Көмірлі шөгінділер ендік бағытта 70 км, енді жері 20 км болатын ірі синклинальды құрылымды түзейді.
Көмірінің құрамы Алаптың көмірі қара шірінді, күлділігі орташа (25-28% ). Көмір шамалы күкіртті (0,5-1% ) және фосфорлы (0,1% ). Жанғыш массасының жылу бөлгіштігі 7-7,5 мың ккал/кг. Шайырдың мөлшері 4-7% , кейде 10%. Гумин қышқылы (шөптікөл шоғырында) құрғақ көмірге шаққанда 5% шамасында. Битум 2,5% шамасында. Көмірді газға айналдырғанда жылу бөлгіштігі 1000 ккал/м3 болатын 3,5 м3/кг газ алынған.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Майкөбен көмірлі кен орны
Санат:Павлодар облысы кен орындары Санат:Қазақстан көмір кен орындары