Зоологиялық мүйіс. Жануарларды үйде ұстаған жағдайда балалар олардың мінез-құлқының қыр- сырына қаныға түседі, осы арқылы баланың бойында байқағыштық қабілет қалыптасып, хайуанаттарға деген сүйіспеншілік сезімі оянып, қалыптаса түседі. Балалар егер жануарларды қолда ұстап өсіруге жауапсыздықпен жүрдім-бардым, салғырт қарайтын болса, онда жануарлардың шығынға ұшырауы мүмкін екенін естен шығармауымыз қажет. Біршама уақыттан соң еркіне босатып жіберуге болады деген есеппен құсты немесе аңды асырау да ағаттық. Өйткені көп уақыт қолда ұсталған хайуанаттың еркіндікте өздігінен қорек тауып жеуі, кездескен қауіп-қатерден құтылуы екі талай, осыдан келіп көп жағдайда құрбан болады. Шаңырақ (Қысқаша үй-тұрмысы энциклопедиясы) / Бас редактор Р. Н. Нұрғалиев.- Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас редакциясы.- 1989 Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Зоологиялық мүйіс · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.