Трудовое — Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл, Григорьев ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Смирново ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 4 км-дей жерде.
Тарихы Іргесін 1915 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыста тұтқынға түскен австро-венгриялықтар мен Ресейден қоныс аударған шаруалар қалаған. Ауылда ұжымдастыруға дейін аңшылық кәсіп артелі жұмыс істеді. 1930 жылы Трудовоеде “Бейнетқор” МТС-і ұйымдастырылды. 1957–95 жылдары “Смирновский” астық кеңшарының орталығы болған. 1996 жылы Трудовоеда ұжымдық кәсіпорын құрылды.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1150 адам (560 ер адам және 590 әйел адам) болса, 2009 жылы 874 адамды (422 ер адам және 452 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Аққайың ауданы елді мекендері