Арнемленд түбегі немесе Арнем Ленд () — Аустралияның солтүстік бөлігіндегі 5 аймақтың бірі. Солтүстік-шығыс жағында Аустралияның солтүстік аймағының астанасы Дарвиннан 500 км қашықтықта орналасқан. Тимор теңізі мен Арафур теңізі және оның шығанағы Карпентариямен жуылады.

Түбек аумағы 97 000 км², халық саны 16230 (2007 жылғы мәлімет бойынша). Түбектің атын голландиялық саяхатшы, "Кабо Арнем" атты кеменің капитаны, Уильям ван Колстердің кемесінің атымен қойған. Кемені - Нидерланддағы Арнем қаласының құрметіне қойған.

Жерінің абсолюттік биіктігі оңтүстігінде 400 м-ге дейін, солтүстігінде 180 м үстіртті келеді. Көбіне құм тасты, батысында көне кристалл жыныстар көрініп жатады. Үстірт өзендерімен тілімделген. Өзен аңғарларында ылғалды тропикалық орман, үстүрттің жел өтіндегі беткейлерінде эвкалипт ормандары өседі.

Арнемленд түбегінде бүкіл әлемнің мұрасы болып саналатын Какаду ұлттық паркі орналасқан.

Галерея

Әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том

Санат:Аустралия түбектері